Қырғызстан Жоғарғы сотына Феликс Куловқа қатысты қылмыстық істі қайта қарау туралы өтініш берілді

"Егер Қырғызстан Жоғарғы соты менің адвокаттарымның өтінішін қанағаттандырудан бас тартса, онда маған заң бойынша жүктеп алған жазаны өтеп шығудан өзге жол қалмайды",- деді Ф.Кулов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ф.Кулов 24-наурызда жалпыхалықтық ереуілге қатысушылардың қысымымен №47 Бішкек колониясынан босатылған болатын. Қамаудан босатыла сала оппозиция оны республика күш құрылымдарының үйлестірушісі етіп тағайындады.
Ф.Кулов 90-шы жалдардың басында республика ІІМ-ін басқарған. Кейінірек Қырғызстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік министрлігіне жетекшілік жасады. 1999-жылы ол лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны үшін сотталды. Ф.Кулов 2005-жылдың қараша айында қамаудан босатылуы тиіс болатын.