Қырғызстан жүктерге радиологиялық тексеру жүргізу үшін тиісті құралды қойып беру жөнінде Халықаралық атом энергиясы агенттігіне өтініш жасады

"Мұндай шешім 2007 жылдың 29 желтоқсанында қырғыз "Темір" кәсіпорны тарапынан жіберілген қара метал сынықтары жүгі арасынан сәуле шығарған радиоактивті көздер табылғаннан кейін, республиканың қауіпсіздік кеңесінде тиісті шешім қабылданды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Жүк Иранға жіберілместен оның радиоактивті сәуле шығару жайы кырғыз және қазақ мамандары тарапынан тексерілді.
"Қырғызстан мен Қазақстанның кедендің құрылым қызметкерлерімен жасалған актілерінде, жүктің радиоактивті фоны қалыпты деңгейден аспаған", -деп атап өтті "Темір" кәсіпорын өкілдері мен Қырғызстан мемлекеттік кеден комитетінің қызметкерлері.

Алайда, үш аптадан соң Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан өткен жүк құрамынан радиоактивті сәуле шығарған көздер анықталды деген себеппен вагондар Өзбекстан территориясынан Қырғызстанға кері қайтарылды.

Бұл іспен Қырғызстан республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті айналысып жатыр. Осындай оқиғаларды болашақта қайталанбауы үшін үкіметтегілер Халықаралық атом энергиясы агенттігінен шұғыл көмек сұрау жөнінде шешім қабылдады.