Қырғызстанда 1 сәуірдегі мәлімет бойынша ВИЧ-инфекциясының 1584 оқиғасы анықталды

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандардың 75 пайызын инъекциялық есірткіні пайдаланушылар, 5 пайызы - ауру жұқтырған жүкті әйелдер. 20 пайызында жұқтыру көзі анықталмаған.

ВИЧ-инфекциясын жұқтырған адамдардың көпшілігі 25 пен 29 жас аралығындағылар. ВИЧ-инфекциясын жастар арасында да (15-17 жас) жұқтыру оқиғалары тіркеліп отыр. ВИЧ-инфекциясының негізгі таралу көзі инъекциялық болып отыр.

Қырғызстанда, әсіресе, оңтүстік аймақта ВИЧ-инфекциясының айтарлықтай өскені байқалып отыр. Соңғы бес жылда ВИЧ/СПИД жұқтырған адамдар саны 15 есеге өскен.