Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, апатқа қарсы автоматты жабдықтың жұмыс істеуіне байланысты Алматы мен Алматы өңірінде шектеу 205 МВт болды. 15 сағат 37 минутта жарық беріліп, 21 сағатта қала мен Алматы өңірінде электр тұтыну толық қалпына келтірілді.
2008 жылдың 12 шілдесінде күрделі жөндеу жоспары бойынша, Север-Юг желісі жөнделе бастады. Осы сәттен бастап республиканың оңтүстік өңірінің тұтынушылары электр қуатын тек Жамбыл ГРЭС мен Қырғызстан станцияларынан алуда.