Қырғызстанда 1-шілдеден бастап Ақаевтың мүлкіне жатуы мүмкін деп тексеріліп жатқан кәсіпорындардан шектеуді алады

Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Құрманбек Бакиев қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне Қырғызстан мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Қол қойылған құжатқа сәйкес, 2005-жылдың 1-шілдесінен бастап республика үкіметі мен Қырғызстан Ұлттық банкіне Қырғызстанның бұрынғы президенті мен оның жақын туыстарына тиесілі ме, жоқ па деген тұрғыда тексерілуі тиіс жылжымайтын және жылжымалы мүліктердің тізіміне енгізілген заңды тұлғалардың іс-қызметіне қатысты барлық шектеулерді алып тастау тапсырылды. Бұл шектеу үстінен қылмыстық іс қозғалған шаруашылық субьектілері үшін алынбайды.
Құнды қағаздарды сату, заңды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеуге қойылған шектеулер алынбақшы. 1-шілдеден бастап сонымен бірге жылжымайтын мүлік саудасына қатысты құқықтық құжаттарды беруге қойылған шектеу мен республика аумағынан тысқары қаржы шығаруға салынған тыйым алынады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстанда билік алмасқаннан кейін бұрынғы президент Асқар Ақаев пен оның отбасы мүшелерінің дәулет-мүлкін түгендеу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Тексерілуі тиіс кәсіпорындардың тізіміне 180-дей шаруашылық субьектілері енді. Өткен аптаның аяғында мемлекеттік комиссия тындырылған істер туралы есеп берді.
Есепке сәйкес, республиканың көптеген кәсіпорындары шығындарды негізсіз асыра көрсету және салықтан жалтару жолымен нақты кіріс көлемін жасырып келген. Бұл заң бұзушылықтар тек былтырғы жылы мемлекеттің 27 млн. сомның салығынан қағылуына алып келді. Тексеру қорытындысы бойынша салық мекемелері 27,2 млн. сомның қаржысын өндіріп алу жөнінде міндеттеме жүктеді.