"Бағдарламаның негізгі мақсаты - миграциялық үрдістерді мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін құру, миграциялық үрдістердің теріс салдарын төмендету, шетелде уақытша тұрып жұмыс істейтін республика азаматтарының құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету", - деп жұма күні Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, бағдарлама 2010 жылға қарай шетелде заңсыз жұмыс істейтін қырғызстандықтардың санын екі есе қысқарту, Қырғызстанның өзіндегі төмен мамандағы шетел жұмыс күшінің үлесін екі есе қысқарту және азаматтардың ел аумағында жұмысқа орналасуына ықпал ету; нарық қажеттілігіне бейімделген жұмысшы мамандықтарға маман кадрлер дайындау жоспарланған.
Қырғызстанның мемлекеттік миграция және жұмыспен қамтамасыз ету комитеті атап өткендей, республикада бұдан бұрын "2010 жылға дейінгі Қырғызстан Республикасының халықтың жұмыспен қамтылуының ұлттық саясаты" деп аталатын бағдарлама қабылданған. Алайда, мемлекеттік қолдаудың өз деңгейінде болмауына байланысты оның іске асуы неғайбыл жағдайда еді.
Қырғызстанның мемлекеттік миграция және жұмыспен қамтамасыз ету комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде Қырғызстаннан шыққан еңбек мигрантының негізгі бөлігі Ресей мен Қазақстанның үлесіне тиеді екен. Мысалға алғанда, Ресей Федерациясында жыл мезгіліне байланысты республиканың 200 мыңнан 500 мыңға дейінгі азаматы күн көріс қамымен жүр. Алайда, миграция саласында ТМД-ның бұл екі мемлекетімен қарым-қатынас қол қойылған көптеген екі жақты келісімдермен реттеліп отырса, Қырғызстандағы ішкі миграция еш басқарусыз сипат алған және елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын айтарлықтай ауырлатып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті