Басқарманың ақпараттарына сүйенсек, 2006 жылдың осы кезеңімен салыстырғандағы республиканың бюджеттік кірісі 25,6 пайызға, немесе 787,4 млн сомға (20,3 млн АҚШ долларына) өскен.
Есеп беру кезеңінде Қырғызстан кірісінің негізгі үлесін мемлекеттік қазынаны толтырудың басты көзі - салық түсімдері құрап отыр. Салық түсімдерінің көлемі елдің ішкі жалпы өніміне шаққанда 3,4 пайызға өсіп, ІЖӨ-нің 24,6 пайызына жеткен.
Салық түсімдерінің жалпы сомасы 3,3 млрд сомды (85,2 млн АҚШ долларын) құраған, оның ішінде 1,8 млрд сом (46,5 млн АҚШ доллары) кеден органдарының, 1,5 млрд сом (38,5 млн АҚШ доллары) салық органдарының үлесінде. Салық кірістерінің номиналдық өсуі 2006 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 27,3 пайызды, немесе 716,3 млн сомды (18,5 млн АҚШ долларын) құрап отыр. Бұл негізінен импортқа түскен салық есебінен және азғана бөлігі - ішкі өндіріс салығының есебінен қамтамасыз етіліп отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті