Қырғызстанда 2008 жылдан бастап бюджеттік мекемелерде еңбекақы мөлшері 30% ұлғайтылады

"Бұл жарлықтар әлеуметтік саладағы қызметкерлердің еңбегін бағалап, өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында қабылданды", - деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Сонымен қатар, Қ. Бакиевтің жарлығымен, 2008 жылдың 1 қаңтардан бастап, 5 жылдың еңбек тәжірибесі бар ұстаздарға қосымша төлем төленеді. Қалада тұратын мұғалімдер үшін 100 сом ($3), ал ауылды жерлерде тұратындарға 200 сом ($6) мөлшерінде төлемдер қарастырылған.Ал ең жоғарғы 300 сом ($9) төлемі шекара ауданында тұрып жатқан ұстаздарға беріледі.

Бұл жарлықтың орындалуы премьер-министрдің қызметін уақытша атқарушыға жүктелді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті