Қырғызстанда 2008 жылға арналған инфляция деңгейін ұстап тұру бойынша шаралар жоспары жасалуда

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Қырғызстан үкіметінің жанындағы Азық-түлік қауіпсіздігі кеңесінің отырысының шешімдерін іске асыру үшін қазіргі уақытта 2008 жылға арналған инфляция деңгейін Қырғызстанда ұстап тұру бойынша шаралар жоспары жасалып жатыр.

Мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл жоспар бір жыл ішіндегі мемлекеттік бюджет қаражатын біркелкі жұмсауға және стратегиялық қорды ұлғайтуға, салық түсімдерін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шараларды қарастырады. Жоспарға, сондай-ақ, спекулятивті операциялардың жолын кесуге бағытталған әкімшілік шараларды қабылдау кіреді. Жергілікті ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуді ұлғайту бойынша шаралар жүргізіледі. Бұдан өзге, халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігін мемлекеттік қолдау да қарастырылған.