"Капитал салымдары" атты бап бойынша қаражат қарастырылған құрылыс нысандарының тізімінде Қаракөл - Түп-Кеген автомобиль жолын қайта жөндеуден өткізу үшін 158 млн сом көлемінде қаржы қарастырылды", - деп хабарлады бүгін Қырғызстанның Қаржы министрлігі.
"Бұл жолдың қырғыз жағынан жаңартылуы Қазақстанның бүкіл Ыстықкөл облысымен көлік қатынасын жақсартады, туристік саладағы ынтымақтастық мүмкіндігін арттырады, шекара маңындағы сауданы дамытуға көмектеседі деп көзделіп отыр", - деп атап көрсетілген министрлік хабарламасында.
Қырғызстанның Қаржы министрлігінде хабарлағандай, биыл Талас - Тараз -Сусамыр жолын жөндеудің бірінші кезеңін аяқтау да жоспарда бар. Осы мақсатқа Ислам даму банкі 9,15 млн АҚШ долларын бөлген. Атап айтқанда, осы жолдың Бішкек - Ош трассасымен қиылысар тұстан бастап Өтмек асуы арқылы Талдыбұлақ ауылына дейінгі 52 шақырымдық бөлігі жөндеуден өтпек. Қазір аталмыш объектіде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жоба 2008 жылдың қараша айында аяқталады.
Сондай-ақ, биыл үш жылдық жоспарға сәйкес, тағы да Ислам даму банкінің күшімен жөндеу жұмыстарының екінші кезеңін қаржыландыру көзделіп отыр. Бұл қажеттіліктерге 10 млн АҚШ доллары бөлінеді және сол қаржыға 52-шақырымнан 90-шақырымға дейінгі жол бөлігі жөнделеді деп күтіліп отыр.
Қырғызстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, Талас - Тараз - Сусамыр жолын қайта жөндеуден өткізу жобасы Қырғызстанның бес халықаралық көлік дәлізін дүниежүзілік пайдалану стандарттарымен сәйкестендіруді қарастыратын басымдыққа ие бес бағытқа қамтылған.
$1 = 36 сом.