"Президенттің жарлығы мен үкіметтің қаулысын орындау үшін, қаржы министрлігі үш деңгейлі бюджеттің жүйесін ескере отырып, бюджетаралық қатынастардың жаңа қағидасын бекітті, - деп хабарлайды ҚР баспасөз қызметі.
"Автономиялық қағидасы сақтала отырып, жергілікті өзін-өзі басқару органдары (ЖӨБ) өздерінің бюджеттерін дербес пайдалану реті қарастырылған. Өзін- өзі басқару органдары мен аудандар республикалық бюджетпен байланыстырылады", - деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
Қаржы министрлігі енді тікелей ЖӨБ органдарымен жұмыс істесе, территориалдық бөлімшелері ауылды жерлерде қызметін атқаратын болады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен аудандар (537 жалпы саны ) 5 топқа бөлінді: аудандық , облыс, республикалық қалалар, ауыл, аудандар.
Аудандық бюджеттің негізгі табысы жалпы мемлекеттік салықтар қатарына кіретін, жұмыс берушілерге салынатын табыс салығы есебінен толтырылады. Ал жетіспеген бөліктің 25% - республикалық бюджеттен трансферт (грант) ретінде бөлінетін болады.