Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, күн тәртібінде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкіметтері арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы 2007 жылдың 16 тамызында Бішкекте қол қойылған келісімді жүзеге асыру жоспарын бекіту, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы шеңберіндегі 2008-2009 жылдардағы мәдени ықпалдастық мәселелері жөніндегі сарапшылық топтың жұмыс жоспары мен ұйымға мүше елдердің өнер фестивалін өткізу тәртібі туралы ережені қарау жоспарланған. Сондай-ақ, осы жылдың 28 тамызында душанбеде өтетін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырсы аясында 4-ші өнер фестиваліне дайындық жайы талқыланады.
Шараға Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қырғызстанның мәдениет және ақпарат министрі Султан Раев, Қытайдың мәдениет министрі У Цай, Ресейдің мәдениет министрі Александр Авдеев, Өзбекстан Республикасының мәдениет және спорт істері жөніндегі министрінің орынбасары Бахтиер Сайдуллаев , Тәжікстан мәдениет министрі Мирзошохрух Асрори қатысады.
Кеңес аясында Шолпан Ата қаласындағы Ыстықкөл мемлекеттік мәдени-тарихи қорығының көрме залында декоративтік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі өтеді.