Қырғызстанда 6 адам саңырауқұлақтан уланып қайтыс болды

Зардап шеккендердің айтуынша, олар тексерілген шампиньон саңырауқұлақтарын көптен бері білетін жерден жинаған. Осыған байланысты республикалық медиктер жол тораптарына таяу жерлерден, орманды алқаптар мен саяжай аумақтарынан саңырауқұлақтарды жинаудың қауіпті екенін ескертеді. Өйткені саңырауқұлақтар автокөлік жанармайының жану өнімдерін, ауыр металл тұздарын және ауылшаруашылық пестицидтері мен радионуклидтерді өзіне сіңіріп алады.