Қырғызстанда «Айкел Манас» эпосының бірінші томы қазақша басылып шықты

«Қырғызстанда «Айкел Манас» дастанының бірінші томы қазақша бысылып шықты. Бұл ғасырлап одақтас болып, көрші тұрған бауырлас екі халық үшін атаулы оқиға. «Айкел Манас» рухани, метафизикалық, моральдық-этникалық және тарихи тұрғыдан қазіргі замандағы қырғыздардың қуатты шығармасы. Онда қазақтар, оның генеалогиясы, жекелеген оның өкілдері туралы да қызықты фактілер бар», - делінген хабарда.

Баспагерлер дастанның басылып шығарылуы қырғыздар мен қазақтардың арасында соңғы кездері аздап болса да суыңқыраған мәдени қарым-қатынасындағы жаңа белес болып, олардың бауырмашылдығы мен ғасырлық туыстығын нығайтады деп сенеді.

Одан бұрын дастанның қырғызша он томы мен орысша бір томы басып шығарылған. Қазір дастанды ағылшынша басып шығару қолға алынуда.

«Айкен Манас» дастаны – тарихи шын болған кейіпкер, аты аңызға айналған қолбасшы және қырғыз халқының жолбасшысы болған Манас жайлы. Дастанның мәтінін танымал ақын Майра Керімқызы аударды.