Баспасөз қызметінен хабарлағандай, командалық-штабтық жаттығу сатыларының бірі болып табылатын конференция жұмысына сондай-ақ Ауғанстан, Қазақстан, Пәкістан және Тәжікстан елдерінің өкілдері қатысуда.
Жаттығудың іс-әрекеттер бөлігі биылғы жылдың жазында Қырғызстанның Қорғаныс министрлігінің офицерлер мен прапорщиктердің біліктілігін арттыру орталығында өткізіледі. Бұған дейін осы тектес жаттығулар АҚШ, Германия мен Қазақстанда өткізілгенін айта кеткен жөн.