Қырғызстанда апат салдарынан Тоқтағұл ГЭС генераторы өшірілді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, республикада осыған байланысты Шу облысында 400 МВт/сағат шектеу енгізілген (елдегі бүкіл энергия қуатының 10%).

Қазіргі уақытта жөндеу қызметкерлері авариялық жағдайдың салдарын жойып жатыр. Станцияның бұрынғы режимі бүгін таңертең қалпына келеді.