Қырғызстанда аптап ыстық салдарынан жұмыс күні екі сағатқа қысқартылды

«ТЖМ болжамына сәйкес, бүгін ауа райы  +44С болады деп күтілуде. Қырғызстан Республикасы Еңбек, көші-қон және жастар министрлігі жұмыс күнін қысқартуға ұсыныс енгізді. Тиісті өкімге республиканың премьер-министрі Темір Сариев қол қойды», - деп хабарлады қырғыздық министрлер кабинеті басшысының баспасөз қызметі.

Сейсенбіде республикада температуралық рекорд орын алды.


Жұма күні ыстықтың аздап беті қайтуы мүмкін. Температура қайта 35-38 градусқа дейін түседі, таулы жерлерде жауын жаууы ықтимал.