Қырғызстанда АҚШ-тың әскери базасының жүк түсіргіш көлігі Ту-154 ұшағымен соғысып қалды



Әуежай қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға кеше 17-тамызда түс алдында болған. АҚШ Әскери әуе күштерінің сарбазы үлкен жылдамдықпен келіп Қырғызстан азаматтық авиациясының пайдалануға жарамсыз болып қалған ұшағына келіп соғысқан. Соның салдарынан ұшақ пен жүк түсіргіш көлікке ақау келіп, жараланған сарбаз ауруханаға жатқызылды.

Оқиғаның себебін тексеру үшін АҚШ пен Қырғызстанның мамандарын тарту арқылы арнаулы комиссия құрылды.

Питер Ганси атындағы әуе базасы 2001-жылдың желтоқсан айынан бері Қырғызстанда орналасқан. Ол Бішкектен 30 шақырым жердегі Халықаралық Манас әуежайының аумағында.