Қырғызстанда автобустың құзға құлауы салдарынан он үш адам қаза тауып, төрт адам жараланды

Министрлік ақпаратына сәйкес, апат 24-сәуірде сағат 2-де Ош-Жалалабад автожолының 95-шақырымында болған. "Форд" жеке меншік шағын автобусының жүргізушісі көліктің тізгініне ие бола алмай, жолдың шетіндегі бетон қоршауды бұзып, автобусты 30 метрлік шыңырауға құлатып алды.

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен 12 жолаушы қаза тапты. Тағы төрт жолаушы облыстық аурухананың жарақат бөлімшесіне жатқызылды. МАИ қызметкерлері қазір тергеу жүргізуде.