Қырғызстанда бас бостандығынан айыру орындарында есірткіге тәуелділер үшін алмастыру терапиясына көшті

"Қырғызстанда алмастыру терапиясы принципі бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келеді, синтетикалық жеңіл есірткі - метадонды тарату бөлімдері Бішкек, Ош, Токмак, Кара-Балта және Кант қалаларында ашылған, -деді бүгін Қырғызстан ІІМ органдарын реформалау орталығының жетекшісі Александр Зеличенко.

Оның айтуынша, бағдарлама өзінің тиімділігін дәлелдеп, метадон бағдарламасы клиенттерінің 80% өздерінің заң бұзуға және милициямен қарым-қатынаста проблемалары жоқ екенін хабарлаған. Оның үстіне метадоннан тәуелділік проблемасы туындамайды.

Әділет министрлігінің ақпаратына сәйкес, Қырғызстандағы абақтыларда қазір республикада тіркелген ВИЧ індетін жұқтырғандардың басым бөлігі, ал СПИД жұқтырғандардың 70% есірткіні инемен тұтынатындар.

Сынақ табысты болған жағдайда, әділет министрлігінің пайымдауынша, алмастыру терапиясы біртіндеп барлық жазалау мекемелерінде енгізіледі. Республикада 36 түзету мекемесі бар.