Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, осы жарлықпен Э. Сатыбалдиев Қырғызстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен босатылған.
Бұрындары хабарлағанымыздай, кеше Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев республиканың бас прокуроры Қамбарәлі Қонғантиевті қызметінен босатқан. Бұрынғы бас прокурор баспасөзге қырын қарағаны және сыбайлас жемқорлықпен тиімсіз күрескені үшін сынға ұшыраған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті