Магнитудасы 4,4 балдық алғашқы дүмпу түнгі сағат 01:20-да тіркелген. 45 минуттан кейін тағы жер сілкінді. Тербеліс күші 5,0 балды құрады, деп хабарлайды еліміздің Сейсмологиялық экспедициясы.
Зілзала ошағы Алматының оңтүстік-батысында, шаһардан 297 шақырым жерде, екіншісі 248 шақырым жерде болған.
Тербелістің екеуі де жер бетінен 10 шақырым тереңдікте болған.