Қырғызстанда бір жетекші банк консервацияланды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, банкті консервациялауға Қырғызстанрның Әлеуметтік қорының сотқа шағымдануы себеп болған. Әлеуметтік қор өкілдері соттар мен Ұлттық банкке "Кыргызпромстройбанк" ААҚ 1 млрд сомға жуық қаржыны қайтара алмауына байланысты шағым түсіорген. Ал Әлеуметтік қор көп жылдан бері "Кыргызпромстройбанк" ААҚ-ның клиенті болып табылады. Бұл қаржы халықтық әлеуметтік жағынан аз қорғалған бөлігіне әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы төлеуге арналады.

"Консервациялау режимін енгізудегі мақсат салымшылар мен кредиторлардың мүддесіне сай, сондай-ақ, банк секторын жүйелі тәуекелдерден қорғау үшін активтер, бухгалтерлік кітаптар мен банк жазбаларының сақталуын қамтамасыз ету үшін банктің үстінен бақылау орнату", -деп түсіндіреді банктегілер.

Көп жылдан бері "Кыргызпромстройбанк" қожайындарының бірі парламенттің экс-депутаты Мұратбек Мұқашев болып табылады. Директорлар кеңесінде көптеген танымал адамдардың фамилиясы бар. Мәселен, директорлар кеңесінің төрағасы - Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы төрағасы Таштемир Айтбаев болып табылады. Осы орайда еске салсақ, Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев оны түрлі дау-дамайлар, соның ішінде саяси даулардан болып оны отставкаға жіберген. Кеңес басшылығының құрамында Мұратбек Мұқашевтың туған бауыры мен Таштемир Айтбаевтың ұлы бар.

1$ - 35 сом.