Қырғызстанда бірнеше түрмеде қамауда отырғандар ереуілге шақты; 30 адам өздерін пышақпен жарақаттады

С. Зубовтың айтуынша, Ә. Батукаев №16 түрмеден Қаракөл қаласындағы камералық үлгідегі тергеу изоляторына кеше ауыстырылған. Бұл шешімге қарсылық білдірген қамаудағылар аштық жариялады, бұл шараға бірнеше сағаттың ішінде республиканың барлық түзету мекемелері қамтылған.Ә.Батукаевты жақтаушылардың арасындағы ең белсенділері өз қолдары мен тамақтарын тіліп жіберген. Бірақ олардың денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ, деді С.Зубов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті