Қырғызстанда Бішкек-Ош тас жолында апаттан 9 адам қаза тапты



Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, апат 13-тамызда Чу облысында, Сосновка ауылының маңында 16 сағат 30 минутта болған. Оңтүстікке бет алған "Ауди-100" автокөлігі мен Бішкекке бет алған "Нива" автокөлігі соқтығысып қалды.

Апат салдарынан екі автокөлікте отырған жолаушылар мен жүргізушілер, барлығы 8 адам оқиға орнында мерт болды. Тағы бір жолаушы ауруханада қайтыс болды. Қаза тапқандардың арасында екі бала бар.