"Қырғызстан Республикасының үкімет отырысында 9 сәуірде электр қуатын көтеру жөнінде шешім қабылданды. Тарифтердің төмен болуы салдарынан электр қуатын сататын, тарататын және оның өндірісімен айналысатын компаниялардың шығындары өтелмейді", -деп атап өтті М. Дурусалиев.
Тұрғындар үшін электр қуатының 1 кВт-сағатының құны 70 тыйынды құрайды (бүгінгі күні оның 1 кВт-с - 64 тыйын). Кәсіпорындар үшін кВт-сағаттың тарифтік құны 96 тыйын деңгейінде белгіленсе, бюджеттің тұтынушылар үшін кВт -сағат 100 тыйын және коммерциялық құрылымдарға кВт сағат бағасы 102 тыйынды құрайтын болады.