Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, көшкін 26-наурызда Бішкек - Ош тасжолында, Алабұқа - Канышкыя аумағында болған. Түскен қардың көлемі 25-30 мың текше метрді құрап отыр.
Көшкін түскенге дейін жолда көліктің жүруінің қиындауына байланысты ГАЗ-24 пен УАЗ-469 көліктері тоқтаған. Көшкіннен кейін ГАЗ-24 көлігі қар астында қалған, құрбан болғандар жоқ. Жолдарды тазалауға арнайы техникалар жұмылдырылған. Жол уақытша жабылды.
Қырғызстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігі жақын күндері Бішкек - Ош көлік жолдарының түрлі аумақтарында қар көшкіні болады деп болжауда, осыған байланысты азаматтардан осы бағытта жол жүрмеуді сұрап отыр.
Бішкек - Ош тасжолы республиканың оңтүстігі мен солтүстігін жалғайтын жалғыз көлік жолы болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті