Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Қырғыз Республикасындағы қазақстандық инвесторларға тиесілі бірқатар кәсіпорындарға шабуылдар мен оларды басып алу әрекеттеріне байланысты зор алаңдаушылық білдіреміз", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, кәсіпорындардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлеріне күш жұмсау және осы кәсіпорындардың мүлкін жою туралы қауіп-қатер көрсету фактілері ерекше алаңдататыны айтылады.
"Қазақстандық компаниялар соңғы жылдары Қырғызстан экономикасына 1 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция құйып, көрші елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Қырғыз тарапын Қазақстан азаматтарының да, Қырғызстан аумағындағы қазақстандық компаниялардың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дереу шаралар қабылдауға шақырамыз", - делінген хабарламада.