Жиынға қатысқандардың айтуынша, Қырғызстан оппозициясының кұрылтайында бірінші рет көлеңкелі үкіметті құру мәселесі шешіледі.
"Бұл шара Қырғызстанда оппозиция күштерінің барын дәлелдеді. Олар өз жұмыстарын одан әрі қарай жалғастыра береді ", - деп есептейді "Ар-Намыс" партиясы кеңесінің мүшесі Виталий Ысқақов.
Біздің пікіріміз бойынша, "құрылтай өзін өзі ақтады". "Аймақтардан келген делегаттар баяндама жасағандарды мұқият тыңдап, оппозиция форумы биліктің халық мұң-мұқтажынан алыс екендігін дәлелдеді ", - деді саясаткер.
Оппозицияның ұлттық құрылтайы өзінің қарарын қабылдады.
"Құжаттың 9 тармағы бойынша Қырғызстан үкіметінің жұмысы қанағаттанарлықсыз деп танылды. Жүргізілген референдум мен алдын ала өткізілген парламент сайлаулары заңсыз деп танылды. Сондай-ақ оппозиция энергетика, табиғи ресурстар, мектептер мен елдің жоғары оқу орындарын жекешелендіру жұмыстарын тоқтату жөнінде талап қойды", - деп атап өтті тілші.
Құрылтайдың қарарында Қырғызстан Республикасының әлеуметтік -экономикалық және саяси жағдайы аса ауыр деп танылды.
"Азық-түліктің, жанар -жағар майдың, коммуналдық төлемдердің, қоғамдық көліктер тарифтерінің көтерілуі халықтың хал ахуалын ушықтырып жіберді. Туындаған жағдайды жақсарту үшін мемлекет президенті мен үкіметтен жедел түрде шараларды қолға алуды талап етеміз ", - делінген құрылтай қарарында.
Жиналыс қорытындысында атап өтілгеніндей "ұлттық құрылтай қарарының талаптары орындалмаған жағдайда бүкіл ел бойынша наразылық акциялар мен шерулер өткізілетін болады".