Қырғызстанда экомикалық өсім 2007 жылы 9% құрады

"Соңғы екі жылда Қырғызстанға тартылған тікелей инвестиция көлемі екі есеге дейін өсіп, экономикамыздың 9 % көтерілуіне мүмкіндік туғызды", - деген мәлімдемені ҚР президенті Жапонияға сапары кезінде іскер адамдармен болған кездесу барысында айтты, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметіндегілер.

Мемлекет басшысы атап өткеніндей "Қырғызстан жаңа қарым -қатынастарға көшуге дайын, қолдағы бар шикізатты қолдана отырып, өз территориямызда бірлескен өндіріс орындарын ашу туралы үкімет аралық қажетті келісімдерге қол қоюға дайынбыз".

"Республикада шетелдің капиталдың құйылуына және кәсіпкерліктің дамуына барлық жағдай жасалған", - деді Қ. Бакиев. Ол атап өткеніндей, ТМД елдері мен Орталық Азия бойынша, Қырғызстанда тікелей салық тарифі ең төменгі деңгейде. 2005 жылы табыс салығын 10 % азайту жөнінде шешем қабылданып, қайта өңдеу өндірістерінің салығы нольдік ставкаға дейін төмендетілді.

Президенттің сөздеріне қарағанда, "10% төмендетілген табыс салығы елдің экспортық мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілітін көтеріп, өндіріс қуат көздерінің жаңартылуына жол ашады".

"Осы мақсатта импорттық құрал-жабдықтарға нольдік ставкалары енгізілді. Жуырда лизингтің дамуына тосқауыл болып отырған заңдардағы қайшылықтар қайта қаралатын болады. Біз сондай-ақ, капиталды ақтау жөнінде шешім қабылдадық. Мемлекеттің жеке кәсіпкерлікке арасуын азайту мақсатында, бірқатар заңдар мен президенттік жарлықтарға қол қойылды. Сондықтан, екі жақты қарым -қатынастарды дамыту үшін, біз құқықтық негізді одан әрі дамытып, кеңесйтуге дайынбыз", - деп президент ойын жеткізді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті