Энергетиктердің мәліметінше, Тәжікстан мен Қазақстан да электр қуатынан тапшылық көруде, ал Ресейден сатып алу транзиттің қымбаттығына байланысты тиімсіз. Үкіметтегілер Өзбекстанмен келіссөздер жүргізген жөн деп санайды. Алайда, Өзбекстан электр қуатын Қырғызстанға экспорттаудан бас тартуда. Үкіметтегілер Өзбекстан жылыту маусымы кезінде Қырғызстанға электр қуатын экспорттап, жылы маусымда оны кері қайтарып алуға мүмкіндігі бар деп үміттенеді.