Қырғызстанда екі шетелдік альпинисті іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасуда

Қырғызстанның оңтүстік батысында Ленин шыңында 13 шілдеден бері Чехияның альпинист әйелін, ал шығыста - Хан тәңірі шыңында поляк альпинисін іздестіріп жатыр.

Жоғалғандар сегіз адамнан құралған халықаралық альпинистер тобының мүшелері. Олар Ленин шыңын бағындыру үшін шілденің басында шыққан, кейін құрама бірнеше топқа бөлініп, әрқайсысы өз бетімен жол тартады.

Алдын-ала мәліметке сәйкес, 45 жастағы Чехия азаматшасы Мария Шмелерова белгіленген ауданға келісілген мерзімде жете алмаған. Ал Польша азаматы Матеуш Олекси 23 шілдеде сағат 22.00-де 6100 - 6400 метр биіктікте қарлы карнизден құлап кеткен.