Қырғызстанда елдің алдыңғы қатарлы компанияларының акциясының мемлекеттік пакетінің бағалау құнын анықтауға бәйге жарияланды

"Северэлектро" ААҚ мен "Бішкекжылужелісі" ААҚ акциясының мемлекеттік пакеті 80,49 пайызды, ал "Қырғызтелеком" ААҚ-да 77,84 пайызды құрайды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 2008 жылғы үкімет бағдарламасында "Северэлектро" ААҚ мен "Бішкекжылужелісі" ААҚ жекешелендіру шілде-тамыз айларына, ал "Қырғызтелеком" ААҚ қараша айына жоспарланған.