Қырғызстанда ЕурАзЭҚ мүше елдердің әділет министрлері Кеңесінің кезекті отырысы өтеді

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, отырыс Ыстықкөл облысының Шолпан-Ата қаласында, Қырғызстан президентінің мемлекеттік резиденциясында өтеді.

Отырысқа Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстанның әділет министрлері, сонымен қатар Беларусь әділет министрінің орынбасары Игорь Тушинский, ТМД Экономикалық сотының басшысы Анар Керімбаева мен халықаралық сарапшылар қатысады.

Отырыстың негізгі міндеті бұрын қабылданған шешімдердің жүзеге асу барысы туралы ақпараттармен, сондай-ақ жұмыс тәжірибесімен алмасу болып табылады.

ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің жанындағы әділет министрлері Кеңесі 2002 жылдың 26-сәуірінде құрылған.