Қырғызстанда Феликс Кулов толық ақталды

Қырғызстан Жоғарғы сотының түсініктемесіне сәйкес, Ф.Куловқа Қырғызстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік министрлігіне жетекшілік жасаған және Шу облысы мен Бішкек қаласының мэрі болып тұрған тұста лауазымдық құзыретін асыра пайдаланды және мемлекет қаржысын талан-таражға салды деген айып тағылған.

Бірнеше сот отырысын өткізу нәтижесінде оған тағылған айыптар түгелдей қуатсыз етілді. Қырғызстан Жоғарғы сотының төрағасы Низаметдин Әзімжановтың айтуынша, айыптарды алып тастау туралы шешім 10 күн ішінде құжат жүзінде рәсімделеді. Бұдан кейін Ф.Кулов Қырғызстан президенттігіне ат ұсынуға заңды құқыққа ие болады.
1999-жылы сотталған Ф.Кулов 2005-жылдың қараша айында қамаудан босатылуы тиіс болатын. Оппозиция өкілдері Ф.Куловты президент сайлауына қатыстырмау үшін оның үстінен жалған қылмыстық іс қозғалған деп санайды. Ф.Кулов бүкілхалықтық наразылық шараларына қатысушылардың талабы бойынша 24-наурызда қамаудан босатылған болатын.