"Үкімет жақында қабылданған "Кәсіпорын субъектілерін тексеру тәртібі туралы" заңды жүзеге асыру мақсатында тиісті ереже және осындай тексеру өткізуге құқылы өкілетті органдар тізімін бекітті", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. "Енді осы құжаттардың барлығы Жогорку Кенеште бекітілуге енгізіледі", - деп түсіндірді баспасөз қызметінің өкілдері.
"Атап айтқанда, әлеуметтік төлемдерді әлеуметтік салыққа аудару мәселесін шешкенге дейін оны жинау және төлеу дұрыс жүріп жатқанын тексеру қызметі тек Қырғызстан Республикасы Әлеуметтік қордың өкілеттілігіне жататыны мәлім болды. Ал уақыт межесімен тексеру ендігәрі тексеру болып саналмайды және оны Мемлекеттік салық комитеті Экономикалық өрлеу және сауда министрлігінің, Ұлттық статистикалық комитеттің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және бизнес қауымдастықтардың өкілдерімен бірлесе отырып іске асырады", - деп атап көрсетті баспасөз қызметіндегілер.
Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, "мемлекеттік бақылау тізімінен бағалы металдар және олардан жасалған бұйымдар саласындағы тексерулер де алынған". Өз кезегінде, Көлік және коммуникация министрлігіне республика аумағында (шекара және кедендік бекеттердегі бақылаудан басқа) көлік инспекциясының бекеттерін орнатуға және лицензияланған зат орналасқан жерден тысқары аумақта лицензиялық келісімдердің орындалуын қадағалауға тыйым салынған.
Сонымен қатар, Мемлекеттік антимонополиялық саясат және бәсекелестікті күшейту агенттігіне өз қызметін іске асыруда заңмен бекітілген өкілеттіліктің шегінен шықпау тапсырылды. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өздерінің тұтынушылардың құқығын қорғау функциясын тиісті профильдегі қоғамдық ұйымдарға тапсыруға кеңес берілді. Тиісті инспекциялар осы ұйымдарды құқықтық және ақпараттық қамсыздандырумен айналысатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті