Қырғызстанда халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қайтыс болуына байланысты 14 маусым қаралы күн деп жарияланады

Қырғызстан президентінің жарлығына сәйкес, елде халық жазушысы Шыңғыс Айтматовты жерлеу рәсімін ұйымдастыратын мемлекеттік комиссия құрылды. Оны мемлекеттік хатшы Нур уулу Досбол басқаратын болды. Сол күні Т. Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясында жазушыны ақтық сапарға шығарып салу шарасы өтеді. Жазушы "Ата-Бейит" мұражай-мемориалдық кешенінде жерленеді. 2008 жылдың желтоқсан айында Шыңғыс Айтматов 80 жасқа шығатын еді.