"Жалал-Абад қаласында Қырғызстан аумағында бірқатар қылмыстар жасады деп айыпталған Өзбекстанның екі, Қырғызстанның үш азаматына қатысты үкім шығарылды. Топ жетекшісі Ж. Абдумажитов пен оның сыбайласы Эркин Холиковқа дінаралық араздық тудыру, қару сақтау, Өзбекстанның Ислам қозғалысының іс-қызметіне қатысу жөніндегі айыптар тағылған. Ж. Абдумажитов 17 жылға, Э. Холиков - 4 жылға бас бостандығынан айрылса, Қырғызстанның үш азаматы қылмыстық топқа жәрдем бергені үшін үш жылға шартты бас бостандығынан айрылды", -деп хабарлайды ІІМ.
29 жастағы Өзбекстан азаматы Ж. Абдумажитов 2006 жылы Өзбекстанның Ислам қозғалысының Жалал-Абад облысындағы әмірі деп жарияланған. Оны арнаулы қызмет мамандары 2007 жылдың тамыз айында арнаулы іс-шара барысында ұстады, сол кезде ол өзін айналасындағылармен бірге гранатамен жарып жіберуге әрекет жасаған. Бұдан бір жыл бұрын ол аса қауіпті қылмыскерлер тобына жәрдемдесіп, қарулы қарсылық көрсету салдарынан милицияның үш қызметкері түрлі дәрежеде жарақат алған болатын.