У. Абдуллаева 5,27 млн халықтың қазіргі уақытта 18 пайызы атаулы әлеуметтік көмек алып отырғанын атап өтті. Әлеуметтік қорғаудың негізгі шарасы бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақы, зейнетақы және жәрдемақы көлемін арттыру болып табылады. Зейнетақының орташа көлемі 2008 жылдың 1 шілдесінен бастап 10 пайызға арттырылған. Қазан айында да көтеріледі деп күтіліп отыр. Бұл ретте орташа зейнетақы 1278 сомды құрап отыр.