Қырғызстанда "Хизб ут-Тахрир" саяси күрес тәсілдеріне көшуде - Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитеті

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Нарында 12 желтоқсанда "Интурист" мейманханасының қасынан жергілікті үш тұрғын ұсталып, олардан үнпарақтар және биліктің демократиялық институттарын қолдамай, қоғамда ислам заңдарын орнықтыруға қолғабыс жасайтын депутаттарға дауыс беруге шақыратын жинақы-табақшалары тәркіленді. Таратылуға дайындалған материалдарына "парламенттің сайлауына қатысудың шариғаттық шарттары" деген мазмұн берілген.

"Үнпарақтар мен бейне-материалдарында діни көзқарастағы жеке саяси партиялардың үгіт-насихаты айтылған", - деп хабарлайды ҚҰҚК баспасөз қызметі. "Мұндай жағдай діни радикалық экстермистік "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының халифатты орнату үшін саяси күрес тәсіліне көшкендігін дәлелдейді", - дейді Қырғызстанның күш құрылымдары.

Мемлекеттік комитеттің мәліметтері бойынша, тыйым салынған ұйым белсенділерін құрықтау барысында, олар күшті қарсылық көрсетті. Құқық қорғау офицерлерінің бірі дене жарақатын алды. Бүгінгі күні ұсталғандарға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.