Министрліктің мәліметінше, 3-шілдеде Чу облыстық ІІБ мен Иссыката аудандық ІІБ лауазымдық қылмыстармен күрес бөлімінің қызметкерлері "Трудовик" кеден бекетінде Қазақстан азаматы айдаған "Даймлер-Бенц" көлігін ұстады. Ол Қырғызстаннан Қазақстанға бет алған.
Тексеру кезінде автокөліктің тоңазытқышынан 4 тонна сиыр еті табылды. "Жүк иесі ет алып өтуге арналған құжаттарын көрсете алмады", - дейді тәртіп сақшылары. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті