Жарлыққа сәйкес, Б.Субанбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды делінген.
Қырғызстан вице-премьерінің міндетін атқарушы - ішкі істер министрі болып Бішкек ІІБ-ның басшысы Кенешбек Душебаев тағайындалды.
Бүгін сондай-ақ Қырғызстан президентінің жарлығымен Мыктыбек Абдылдаев республиканың бас прокуроры лауазымынан алынды. Мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлауынша, М.Абдылдаев республика ІІМ-нің мамандары резервіне жіберілді.
Қырғызстан бас прокурорының міндетін атқарушы болып бұған дейін президенттің әкімшілігінде жұмыс істеген Мұрат Суталинов тағайындалды.