Қырғызстанда магистральды газ құбыры өртенуде

"Апат Чуй облысының Ысык-Атинск ауданының Қант қаласының жанында сүт-тауар фермасы мен тазарту қондырғысының арасындағы құбыр бөлігінде болған, өрт кеше, 22-қарашада, 15.30 шамасында, құбырлардың жарылуынан кейін диаметрі үш миллиметр сызат пайда болғандықтан шыққан",- деп хабарлады Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Министрліктің ақпараттарына сүйенсек, мамандар апат зардаптарын жою жұмыстарын бүгін түстен кейін аяқтауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта оқиға болған жерде Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары мен "ҚырғызГаздың" мамандары жұмыс істеуде. Олар өртті сөндіру үшін арнайы техникалар жеткізген.

Министрлік сарапшыларының пайымдауынша, тұрғын үйлерге төнген қауіп-қатер жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті