Қырғызстанда милиция подполковнигі есірткінің ірі партиясымен қолға түсті

"Ош облысының ішкі істер басқармасының кәмелеттік жасқа жетпегендердің бейімделуі және реблитациялау орталығының басшысы милиция подполковнигі Талай Сабыров Ош облысының Озгур ауылында 26 қыркүйек күні кешке тұтқындалды", - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Тізгінінде Талай Сабыров отырған "ДЭУ-Нексия" автокөлігін құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатардағы құжат тексерісі сылтауымен тоқтатқан. Көлік құралын тексеру кезінде жалпы салмағы 109 келі тартатын целлофан дорбаларға бөлініп салынған опий анықталды.

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының тергеу бөлімі есірткі өнімдерін сату мақсатында заңсыз тасымалдау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Талай Сабыров Ош қаласының ішкі істер басқармасының уақытша тергеу изоляторына қамалды. Ош облысының ішкі істер басқармасының ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері қызметтік тексеріс жүргізуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті