Баспасөз қызметінен хабарлағандай, мұндай тыйымды Қырғызстанның ішкі істер министрі енгізген.
Ішкі істер министрлігінің жеке құрамына қаратып айтқан сөзінде ол, сондай-ақ, милиция қызметкерлерінің көлік құралдары мен жүктерді заңсыз тексерумен, өндірістік, қоймалық және өзге де коммерциялық және қызметтік ғимараттарды соған заңдық негізі болмаса да санкциясыз тексерумен және мөрлеумен күресуді тапсырған.
Милицияның барлық бөлімшелерінің басшыларына милиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері және өзге де қоғамдық пікірталас тудырған оқиғалар жөніндегі БАҚ-тың барлық материалдарын сараптамадан өткізуге бұйрық берілді.