Қырғызстанда өлім жазасына жарияланған мораторий мерзімі 2005-жылдың аяғына дейін ұзартылды

Осыған байланысты республика үкіметіне өлім жазасына кесілген адамдардың қамаудағы жағдайын жақсартуға арналған қосымша қаржы көздерін қарастыру тапсырылды. Сонымен бірге Асқар Ақаев үкіметке 2005-жылдың 30-маусымына дейін өлім жазасын алып тастау туралы заң жобасын дайындауға тапсырма берді.

Қырғызстанда өлім жазасын жүзеге асыруға 1998-жылы мораторий жарияланған.