Қырғызстанда Ораза айт - 5 шілдеде демалыс жарияланды

Қырғызстанда биыл мұсылмандардың Ораза айт мейрамы түсетін 5 шілде демалыс күні деп жарияланды, деп хабарлайды Азаттық Радиосы. Еңбек және әлеуметтік даму министрлігі 5 шілдені мерекелік демалыс күні деп жариялаған.

Үкімет қаулысы бойынша, жыл сайын ай күнтізбесі бойынша анықталатын мұсылмандардың Ораза айт және Құрбан айт мерекесі мерекелік демалыс күні саналады.