"Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің есірткімен күрес бөлімшелері және арнайы қызмет басшыларының бұл кездесуі Ош қаласында өтті", - деп хабарлады сейсенбі күні баспасөз қызметі.
"Тараптар ынтымақтастықты нығайту және аймақ елдерінің шекаралары арқылы өтетін есірткі тасымалының жолын кесу бойынша іс-әрекеттерді үйлестіру, есірткі саудасымен айналысатын ұлтаралық қылмыстық топтарға қарсы бірлесіп әрекет ету мәселелерін талқылап, алдағы айларға және болашаққа бірлескен іс-әрекеттердің жоспарын жасап шығарды", - деп хабардар етті баспасөз қызметі.
Мұндай ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде ТМД және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында жүзеге асып отырған "Көкнәр", "Арна" секілді халықаралық операциялар аясындағы күш-жігердің белсенділігін арттыру аталды. Кездесу орнын таңдау да кездейсоқ болған жоқ. Қырғызстанның оңтүстігі арқылы Ауғанстаннан келетін "ауыр" есірткінің айтарлықтай бөлігі өтеді.
Қырғызстан Республикасының Сырты істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, тек өткен жылы ғана елдің құқық қорғау құрылымы есірткінің алты тоннасын тәркілеген. Оның негізгі бөлігін героин мен апиын тектестер құраған.