"Бішкекте 20-қаңтарда ауа температурасы күндіз ең төменгі көрсеткішті көрсетіп, 1954 жылғы рекордтан асып түсіп, 22,2 градус аязды құраған", - деп хабарлады Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің гидрометеорология жөніндегі бас басқармасының метеорологиялық болжам бөлімінің бастығы Татьяна Черникова.
Т. Черникованың айтуынша, күн райы жақын арада жылынбайды, деп күтілуде. Алдағы үш күн бойы ауа температурасы бұрынғыдай қала бермек. Қырғызстан бойынша түнде орташа ауа температурасы 15 - 20 градустан төмен, ал күндіз 7 - 12 градус аязды құрайды.