Қырғызстанда өткен тәуліктерде жауған нөсер жаңбыр және сел салдарынан 4 адам қайтыс болды

Сонымен бірге, соңғы күндердегі табиғи апат Қырғызстанның оңтүстігі мен солтүстігіндегі бірқатар елді мекендерге шығын келтірген. Кейбір жерлерде тұрғын үйлер құлап қалса, кейбірінде апаттық жағдайға келген.